Түркістан облысында ағайынды екі бала суға кетіп көз жұмды

03.06.2026 23:10 Қарақат АСЫЛОВА
Түркістан облысында ағайынды екі бала суға кетіп көз жұмды
208
Фото: Stan.kz
Ошақты каналында екі бірдей бала қаза тапты

Түркістан облысында ағайынды екі бала суға кетіп, қайғылы қазаға ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Келес ауданындағы Ошақты каналында болған. 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты құтқарушылар тәулік бойы іздеген. Кейін балалардың бірінің мәйіті ауыл маңынан табылса, екіншісінің денесі шамамен бір шақырым жерден анықталған.

Қара жамылған ана Айгүл Тамашеваның айтуынша, қайғылы оқиға болған күні ол таңғы сағат бесте жұмысқа кеткен. Артынша мүгедектігі бар әкесі де нәпақа табу үшін үйден шыққан.

Сол уақытта үйдегі кішкентай балаларға үлкен қызы қараған. Алайда ол анасына дәрі апарып беру үшін сыртқа кеткен сәтте Юсуфахмет пен Диас үйден шығып кетіпті. Марқұмдардың туыстарының сөзінше, балалар сол кезде канал жаққа барған.

Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп, кейін екі баланың да денесін судан тапқан.

Қайғылы оқиғаға байланысты тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий