Түркістан облысындағы қанды оқиға: Жас жігіттің өліміне 9-сынып оқушысы күдікті
2109
Ленгерде жас жігіттің мәйіті табылды
Түркістан облысының Ленгер қаласында адам өліміне қатысты сұмдық оқиға болды,деп хабарлайды Politico.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтемемен.
Қараусыз қалған ғимараттан жас жігіттің мәйіті табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның жасы 20-дан асқан. Оның денесі 24 мамыр күні шамамен сағат 14:00-де табылған. Мәйітті маңайда жүрген күзетші байқап, тиісті органдарға хабар берген.
Болжам бойынша, ер адам пышақ жарақатынан көз жұмған. Жантүршігерлік оқиға туралы хабар Ленгер тұрғындары арасында тез тарап кеткен.
Жергілікті халықты күдікті ретінде кәмелетке толмаған қыздың аталып жатқаны таңғалдырған. Белгілі болғандай, ол жуырда ғана 9-сыныпты аяқтаған. Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, жасөспірім Төле би ауданындағы №16 Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте білім алады.
Әзірге құқық қорғау органдары тарапынан нақты жауап берілмеді.
Соңғы жаңалықтар
27.08.2026
00:14
Сая Оразғалиева: Ажырасатынымызды естігенде ұлы...
26.08.2026
23:13
Непалдағы жойқын су тасқыны: Қазақстандықтар ар...
26.08.2026
22:40
"Туыстары бөтенсіді". Сая Оразғалиева не үшін а...
26.08.2026
22:16
Тобылда қымбат көлікті ұрлаған 19 жастағы жігіт...
26.08.2026
21:11
«Өлтіріп кетеді деп қорқамын»: Алматылық блогер...
26.08.2026
20:43
Ақтөбеде өз анасын пышақтап өтірген 16 жастағы ...