Түркия өткізбей қойған: Израиль президенті Астанаға 8 сағатқа кешігіп келген

28.04.2026 16:48 Әсел Мұрат
Түркия өткізбей қойған: Израиль президенті Астанаға 8 сағатқа кешігіп келген
479
Фото: ашық дереккөз

Түркия Израиль президенті Ихцак Герцогтың Астанаға бағыт алған ұшағына өз әуе кеңістігі арқылы ұшуға рұқсат бермеді,  деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы азаматтық авиация жаңалықтарына арналған HavasosyalMedya порталына сілтеме жасаған РИА Новости агенттігі жазды.

Анкарадағы дипломатиялық дереккөздің РИА Новости агенттігіне мәлімдеуінше, Түркияның әуе кеңістігі қару-жарақ тасымалдайтын барлық әуе кемелері мен Израильдің ресми делегациялары үшін жабық. 

Алайда үшінші елдердің тұрақты азаматтық рейстері үшін ашық күйінде қалып отыр, ал израильдік әуе компаниялары оны транзиттік ұшулар үшін пайдалана алады.

«Анкараның рұқсат бермеуіне байланысты маршрут өзгертіліп, ұшақ Еуропа мен Ресей арқылы ұшты», — делінген хабарламада.

Басылымның деректеріне сәйкес, қалыпты жағдайда ұшақ Түркия, Армения және Әзербайжан арқылы ұшып өтер еді, бұл жол жүру уақытын едәуір қысқартар еді.

Маршруттың өзгеруіне байланысты Тель-Авивтен Қазақстан астанасына дейінгі ұшу уақыты шамамен сегіз сағатқа созылды.

Түркия Газадағы әскери операция басталғаннан кейін Израильмен дипломатиялық қатынастарын үзді. Қазіргі уақытта екі ел арасындағы байланыс тек қажет болған жағдайда арнайы қызметтер желісі арқылы ғана жүзеге асырылуда.

Ицхак Герцог Қазақстанға 27 сәуірде түстен кейін келді. Израиль президенті кешке қарай Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Қазақстан билігі мәртебелі мейманның кешігу себебі туралы әзірге ешқандай мәлімдеме жасамады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий