Туыстары мүлікке таласып, жындыханаға жатқызып тастаған 5 баланың анасы сау екенін дәлелдеп шықты (ВИДЕО)

Алматылық дәрігерлер ақтөбелік бес баланың анасын толықтай бақылап, денсаулығы мен психикасында ешқандай ақауы жоқ деген шешімге келді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай жазды.
«Қуанышты хабарды естіген Жұлдыз бен оның балалары барша қазақ еліне алғысын білдіруде. Ақтөбе қаласының психикалық орталығымен Жұлдызды «жындыханаға» өткізген туыстарына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары басталды», - деп жазды журналист.
Туыстары мирасқа қалатын үйге таласып ақтөбелік 5 баланың анасын жындыханаға күштеп жатқызған болатын. Бүгін консилиум оны сау деп қорытынды шығарды.
Еске сала кетейік, желіде Ақтөбеде бір үйдің бес баласы халықтан көмек сұраған видео тарады. Ол жерде бес баланың үлкені Құралай анасына бір күнде шизофрения диагнозы қойылғанын айтқан. Тіпті 40 күн жындыханада жатып шыққаннан кейін анасының танымастай өзгергенін жеткізді.
«Бір күнде анамызды жындыханаға жатқызып, бізді орталыққа жіберді. Бауырлар мүлікке таласты. Сіңілім екеумізді де ауру деп жатқызғысы келді. Қатты қорқамыз. Бізге тіреу болатын ешкім жоқ. Әкеміз ішеді, бізді іздеген емес. Анамыз жалғыз өзі қарап келді. Анамыз ауру емес. Біздің де есіміз дұрыс», – деп видео жариялаған еді жасөспірім.
Соңғы жаңалықтар





