ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды
Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге сомасына ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС бас директоры Б. Нахановқа, оның орынбасары А. Мұқатаеваға және менеджер Р. Сидиковқа қатысты үкім шығарды
Сондай-ақ, Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
14:46
«Дәлел жоқ»: Ақтаудағы баланың әкесі мен хирург...
03.11.2026
13:23
"Құдай сақтасын": Айдана Меденова күйеуімен ажы...
03.11.2026
12:21
Еліміздің ең қарт тұрғыны 116 жасында дүниеден ...
03.11.2026
11:24
Тоқаев Жоғары сот кеңесінің хатшысын қызметінен...
03.11.2026
11:16
Қостанайда 86 жастағы зейнеткерді өлтіріп кетті
03.11.2026
10:37
"Кез келген өзгеріске дайынмын": Дариға Бадықов...