«Уақыт мұнымен тоқтап қалмайды»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі көпке үндеу жасады

26.06.2026 17:11 Мөлдір ҚАЙНАР
«Уақыт мұнымен тоқтап қалмайды»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі көпке үндеу жасады
88
Фото: коллаж sn.kz

​Танымал шоумен, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарын таңғалдырған ашық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол өзінің де басында төленбеген қарыздары мен кредиттері бар екенін жасырмай, материалдық қиындыққа тап болған қыз-келіншектерге жігер беретін ақыл-кеңесін айтты. Оның сөзінше, қарыздың болуы — адам өмірінде кездесетін қалыпты тіршілік үдерісі, сондықтан бұған бола күйзеліске түсудің еш пайдасы жоқ.

​"Қыздар, сізде бар қарыз, кредит менде де бар. Себебі бұл өмір-тіршілік емес пе. Бірақ уақыт онымен тоқтап қалмайды. Жоқ па, жоқ. Болса онсыз да төлейсің ғой. Бірақ соған страдать етіп, түңіліп, жылап, айналаңның берекесін алып, үйді түңілтіп, адам жасқалап сұрап, одан әрі проблемаға проблема жасаудың еш қажеті жоқ. Сабырмен миыңды тыныштандырып барып ойлансаң, оң шешім өзі-ақ келеді. Болмашы өткінші дүниеге денсаулығыңды беріп қажеті жоқ. Жаныңызға шуақ шашып үйреніңіз. Сабырлы болыңыз. Тек бір Алладан сұраңыз", – деп жазды ол.

​Шоуменнің жары ақша үшін өзге адамдардың алдында кішірейіп, ар-намысты таптаудан аулақ болуға шақырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий