«Ұлым жоқ кезде мен ойнаймын»: 65 жастағы қайын атасы жүкті келінін зорлады деп айыпталды

13.06.2026 15:04 Абзал БАХЫТЖАНОВ
«Ұлым жоқ кезде мен ойнаймын»: 65 жастағы қайын атасы жүкті келінін зорлады деп айыпталды
842
Фото: Shutterstock.com

Журналист Жан Ахмадиев туған қайын атасынан зорлық-зомбылық көрген Анаргүл есімді келіншектің жан түршігерлік оқиғасын жария етті. Бұл туралы Politico.kz хабарлайды.

Журналист бұл жағдайдың қоғам үшін өте ауыр екенін мәлімдеді.

«Бүгін мен сіздерге өте ауыр жағдай туралы айтқым келіп отыр. Мен негізі өмірімде мұндай дүниені, мұндай оқиғаны естимін деп ойламаппын десе де, айтайын. Менің жанымда қазір Анаргүл есімді қарындасымыз отыр. Анаргүлдің пайымдауынша, оны туған қайын атасы, 65 жасар қария Ерболат Емілқазы деген азамат зорлаған екен», — деді Ахмадиев.

Жәбірленуші келіншек сол сәттегі қорқынышты жағдайды көзіне жас алып баяндап берді.

«Жүрегім бірдене сезгендей. Көзімді ашсам, бүйтіп қарап тұр екен. Бас салды. Содан кейін не істемекшісіз деп айттым. Ол кісіні қайын ата деп айтпайтынмын Әке деп айтатынмын. Әке, не істемекшісіз дедім.. "Ұлым бар кезде ұлым ойнайды. Ұлым жоқ кезде мен ойнаймын" деп . Үстімдегі киімдерді шешіп. "Әкем, менің аяғым ауыр ғой, ұялмайсыз ба, үлкен басыңызбен ұялмайсыз ба? Әкемдей адамыз ғой "десем. Содан тиісіп бүкіл жерімді аймалап, киім бәрін сып шешіп, әкемнен кәдімгейдей арпаластым, намыстандым. Осындай, семьяға келін болғаныма намыстандым. Аяғым ауыр екенін де қарағам жоқ. Осындай семьяға келін болғаныма намыстандым», — деді Анаргүл.

Ол өзінің қарсылық көрсетіп, қалай қашып шыққанын түсіндірді.

«Іш киімді шешіп тиіскенде кезде, кәдімгідей намыстандым. Оны бар күшіммен итеріп жібердіп, қашып шықтым. Қашып шығып айқайлайын десем даусым шықпайды, даусым шықпай қалды. Моншаға кіріп есікті құлттап отырдым, жыладым. Күйеуім мені қорғай алмағанына. Намыстандым, Неге осындай семьяға келін болдым екен деп. Ол оянған кезде айттым, неге ұялмайсыз, недеген арсыз едіңіз? - деп айттым. Әке деп сыйласам, маған бүйтіп қорлық көрсеткеніңіз не. Үстіңізден арыз беремін дедім», — деп мәлімдеді келіншек.

Сонымен қатар, ол өзіне және балаларының өміріне қауіп төніп, қоқан-лоқы жасалғанын жеткізді.

«Балаларымды, кішкентайымды киіндіріп жатқанмын. Содан біраздан кейін, бетімді жуып жатсам, содан соң осы арқамнан кеп, маған пышақ тақап, осыдан біреуге айтатын болсан, екі балаңмен қосып өлтіріп, көміп тастаймын. Сені сосын ешкім таппайды», — деді ол.

Журналист Анаргүлдің ісін жіті бақылап, нәтижеге тырысатынын жеткізді.

Айта кетейік, Алматы облысында 62 жастағы ер адам 15 жастағы немересіне тиісті деп айыпталған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий