Ұлытау облысында «Қазақмысқа жұмысқа орналастырамын» деп алдаған алаяқтар тергелуде
1145
Алаяқтар 16 миллион теңгені иемденген көрінеді
Ұлытау облысы Полиция департаменті азаматтарды алдау фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады деп мәлімдейді Politico.kz.
Тергеу мәліметтері бойынша, кейбір тұлғалар азаматтарға «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастырамын» деп уәде беріп, алдын ала ақша алған, бірақ уәделерін орындамай, жалпы сомасы 16 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.
Қазіргі уақытта 9 қылмыстық іс тергеліп жатыр, олардың 6-сы сотқа жолданған. Алаяқтардың әрекеттері азаматтардың сеніміне кіріп, материалдық шығын келтіргені анықталды.
Полиция департаменті азаматтарды ресми емес ұсыныстарға сенбеуге, жеке қаражатты үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады. Жұмысқа орналасу тек ресми түрде, ұйымның кадр қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Егер алаяқтық фактілеріне тап болсаңыздар, дереу полицияға хабарласу қажет.
Соңғы жаңалықтар
10.08.2026
22:54
15 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионаты...
10.08.2026
21:22
Бейжіңде Абайдың «Қара сөздері» 12 тілде таныст...
10.08.2026
20:08
Қытай мен Еуропа арасындағы жүктің 83%-ы Қазақс...
10.08.2026
20:00
Бурабайда туристерді тасымалдаған электроавтобу...
10.08.2026
18:48
Петропавл орталығында әйелдердің гигиеналық зат...
10.08.2026
17:07
Жиһанкез: Ингушетияда қазақпын десем, үйіне қон...