ҰҚК Жамбыл облысындағы басқарма басшысын тергеп жатыр

20.04.2026 13:59 Арман Ермеков
ҰҚК Жамбыл облысындағы басқарма басшысын тергеп жатыр
150
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Жамбыл облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Еркін Келесовтің ұсталғанын растап, оған қатысты іс қозғады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін ақпарат құралдарында шенеуніктің ұсталғаны туралы хабар тараған болатын. Ведомство өкілдері бұл жаңалықты растағанымен, істің нақты қандай бап бойынша жүріп жатқанын және өзге де толық мәліметтерді ашып айтпады.

"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп жауап берді ҰҚК Ulysmedia.kz порталына.

Еске салайық, 13 сәуір күні күш құрылымдары Келесовті тікелей жұмыс орнынан алып кеткен еді. Осы оқиғадан кейін ол ешкіммен байланысқа шықпаған, ал жұмыс кабинеті жабық тұрды.

Еркін Егембердіұлы 1964 жылы Тараз қаласында туған. Шымкент кәсіптік училищесін «өнеркәсіп кәсіпорнының бухгалтері», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында аға салық инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы, салық департаментінде басқарма бастығы, Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Тараз  қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы қызметтерін атқарған. Облыстық жұмыспен қамту басқармасының тізгінін 2022 жылы ұстаған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий