Ұшақ апатқа ұшырап, барлық жолаушы мерт болды
Колумбияда бортында 15 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың арасында конгрессмен Диоген Кинтеро да бар. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады, деп хабарлайды Politico.kz.
Satena әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ Кукута қаласындағы Камило Даса әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай диспетчерлік қызметпен байланысын жоғалтқан. Кейін әуе кемесінің Норте-де-Сантандер департаментіндегі ауылдық аймаққа құлағаны белгілі болды.
Ұшақта екі экипаж мүшесі мен 13 жолаушы болған. Диоген Кинтеро «арнайы бейбіт округтерді» өкілдік еткен және 2022 жылы зорлық-зомбылық құрбандарының мүддесін қорғау мақсатында Конгресске сайланған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше әуе кемесі жұмылдырылған.
Нәтижесінде апат орны табылып, тірі қалғандар жоқ екені расталды. Билік қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
16:03
Астанадағы балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сор...
27.10.2026
15:54
Павлодарда волейболшы қызды ұрған жаттықтырушы ...
27.10.2026
14:23
«Адам тағдыры тұр»: Руслан Өтепбай сұмдық жайтт...
27.10.2026
14:15
Полиция формасын киген баланың әкесіне неге айы...
27.10.2026
13:57
Атырауда әйелдер дәретханасына сығалаған жігітк...
27.10.2026
13:14
Президент Әкімшілігінде ауыс-түйіс