"Үйіңді аламын": Ақтөбедегі жылқышы қарияның басы тағы да дауға қалды

04.08.2026 12:56 Мөлдір ҚАЙНАР
322
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында сот залынан босап шыққан жылқышы Рахат Сәрсеновтің басындағы дау мұнымен аяқталмады, деп хабарлайды Politico.kz ult.kz сайтына сілтеп.

Жылқышының айтуынша, 2019 жылы бұрынғы жұмыс берушісі Тәжіғали Есенов өзін және жұбайын нотариусқа апарып, жалғыз баспанасын кепілге қоюға мәжбүрлеген. Сол себепті қазіргі уақытта ол жалғыз баспанасынан айырылып қалу қаупінде тұр, өйткені аталған дау бойынша сот шешімі шығып қойған.

Ерлі-зайыптының сөзінше, нотариаттық құжат орыс тілінде рәсімделгендіктен, олар нақты қандай қағазға қол қойып жатқанын толық түсінбеген.

"60 бас жылқының есебі түгел емес. Соның өтемі ретінде 10 млн теңге қарызсың. Әйтпесе үйіңді аламын", – деп бұрынғы жұмыс берушісі талап қойған, – деді Рахат Сәрсенов.

Ал заңгер Бағдат Амандосұлы бұл нотариаттық құжаттың заңдылығына күмән келтіретінін айтып, оны жарамсыз деп тану үшін құзырлы мемлекеттік органдарға тиісті арыздарды әзірлеп жатқанын мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий