"Үйленемін": Боксшы Нұрбек Оралбай келесі жылы шаңырақ көтеретінін айтты
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Qazaqstan ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасында жеке өміріне қатысты жоспарларын айтты.
"1001 түн" бағдарламасына қоңырау шалған белгісіз бір көрермен Нұрбек Оралбайдан "Қазақ аруы – 2024" атанған Ақкербек Ысқаққызымен қарым-қатынасы жөнінде сұрақ қойды.
"Ыңғайсыз болып қалды ғой. Жүрмейміз, сйөлеспейміз. Бәрі солай айтып жатыр. Енді келесі жылғы жоспарым – үйлену. Айбектің де баласы бар. Мен де Айбекке қарап қызығамын. Біз өзіміз кішкентай кезімізден балажанбыз. Алла қаласа, келесі жылы көреміз. Бірақ енді білесіздер, алда әлем чемпионаттары бар. Олимпиада ойындарына дейін дұрыстап дайындалу керек. Тура Олимпиада жақындағанда емес, одан ертерек үйленіп алу керек. Одан кейін ештеңеге уайымдамай, Олимпиада алтынын алуға дайындалуым қажет. Кішкентай күнімізден арманымыз – Олимпиада алтыны еді. Осы жылғы Олимпиадада сәл-сәл жетпей қалды. Бұйырса 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиадасында мен ғана емес, Айбек екеуміз алтын алсақ деген ниетіміз бар", - деді Нұрбек Оралбай.