Владимир Путин Алматыдағы ардагерлерді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Владимир Путин Алматыдағы ардагерлерді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады
Фото: Sputnik.kz

Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Зинченко Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына байланысты ерекше құттықтау алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Оны Ресей президенті Владимир Путиннің өзі құттықтады. Владимир Путин ардагерлердің фашизмді жеңуге қосқан үлесі үшін ерекше ризашылығын білдіріп хат жазды. 

"Сіздер, ардагерлер, жауды талқандап Отанның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғадыңыздар, адамзатты өлім қаупінен құтқардыңыздар. Біз әрқашан батырлардың жанқиярлығын мақтан тұтамыз. Бұл мәңгілік ризашылықты біздің ұрпақтарымыз да сақтайды», - деп жазылған құттықтауда.

Василий Иванович Зинченко-Сталинград маңындағы неміс-фашистік әскерлерді талқандағаннан аңызға айналған барлаушылардың бірі.

2025 жылдың наурыз айында Василий Зинченко 101 жасқа толды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу