«Залал – 9 млрд теңге»: Талдықорғанда ХҚКО-ның экс-қызметкерлері сотталды
Талдықорғанда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен әкімшілік полиция қызметкерлері кірген ұйымдасқан қылмыстық топқа сот үкімі шықты деп хабарлайды Politico.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Айыпталушылар қатарында Алматы және Жетісу облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының, әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бар.
Телеарнаның мәліметінше, 21 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелері шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан. Олар ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізіп, бастапқы тіркеу алымы төленді деп көрсеткен. Күдіктілер 1385 жүк көлігін заңсз рәсімдеген. Тіркеу алымы бюджеткен түспей, салдарынан мемлекетке 9 млрд теңге шығын келген.
270 томнан тұратын іс 4 ай бойы тексерілген.
«Алматы облысындағы Қарасай ауданы бойынша залалдың жалпы сомасы 5 миллиард 600 миллион теңгені, Жетісу облысында Сарқан ауданыны бойынша 3 миллиард 787 миллион теңгені құрады», - дейді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов.
Қылмыстық топ мүшелері 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа және барынша төмен мекемелерінде өтейді.
Соңғы жаңалықтар