Зеленский Макронға «Мираж» ұшақтары мен 2 млрд еуролық әскери көмек үшін алғыс айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Франция басшысы Эммануэль Макронмен Париждегі кездесуден кейін бірлескен баспасөз конференциясын өткізіп, Францияның Украинаға әскери қолдауы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Зеленский өз сөзінде Франциядан жеткізілген «Мираж» ұшақтарының соғыс алаңында тиімді екенін ерекше атап өтті.
«Францияның Украинаға ресейлік соққылардан қорғануда көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Әсіресе, француз өндірісінен шыққан «Мираж» әскери ұшақтары өзін өте жақсы көрсетті. Олар қазірдің өзінде Украинаның әуе қорғанысының маңызды бөлігіне айналды және ең алдымен «шахедтер» мен басқа да соққы беретін дрондардан қорғауда айтарлықтай көмек беруде. Біз осы ұшақтардың санын арттыру туралы келісімге келдік», – деді Зеленский.
Украина президенті Францияның 2 миллиард еуро көлемінде жаңа қорғаныс пакетін ұсынғанын да растады.
«Франция Украинаға 2 миллиард еуро көлемінде жаңа қорғаныс пакетін беруге келісті. Бұл – өте қуатты әрі маңызды пакет. Оның барлық егжей-тегжейін біздің қорғаныс министрлеріміз бөлек хабарлайтын болады», – деді Зеленский.
Екі ел басшылары кездесуде соғыс майданындағы ахуал, Украина әскерінің нақты қажеттіліктері мен соғысты аяқтау жолдарын талқылады. Зеленский мен Макрон қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Соңғы жаңалықтар





