Зеленский Ресейдің түнгі шабуылдарының салдарын жария етті

Зеленский Ресейдің түнгі шабуылдарының салдарын жария етті
20.03.2025 16:17
0
648
t.me/V_Zelenskiy_official
Зеленский: Ресейдің бейбітшілік туралы сөздері – жалған

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскері бейбітшілік туралы пропагандалық мәлімдемелеріне қарамастан шабуылдарын тоқтатпай отырғанын хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президенттің айтуынша, Украинаға тәулік бойы жүзден астам дронмен, сондай-ақ зымырандармен шабуыл жасалуда. Зеленскийдің сөзіне қарағанда, мұндай әрекеттер Ресейдің шынайы ниетін әлемге айқын көрсетеді.

«Тіпті ең қиын жағдайда да біздің халқымыз ТЖМ қызметкерлеріне, полицияға, дәрігерлерге және коммуналдық қызмет мамандарына сенім арта алады. Олар қирандыларды аршып, өртті сөндіріп, инфрақұрылымды қалпына келтіріп, ең бастысы – адамдарды құтқарып, қорғау жұмыстарын үздіксіз атқаруда», – деді Зеленский.

Президент осы түнде Ресейдің 200-ге жуық «Шахед» және имитатор дрондармен Кировоград облысына жаппай шабуыл жасағанын атап өтті. Нәтижесінде он адам жарақат алып, олардың төртеуі – балалар. Сондай-ақ тұрғын үйлер, шіркеу және инфрақұрылымға зиян келген.

Зеленский шабуыл салдарын жоюға атсалысып жатқан барлық азаматтарға алғысын білдірді.

«Ресейдің террорынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарында еңбек етіп жатқан барша азаматтарға рахмет. Адам өмірін құтқару үшін тәулік бойы қызмет етіп жүрген барлық мамандарға ерекше алғыс айтамын. Сіздердің еңбектеріңіз бізге күресті жалғастыруға, өмір сүруге күш береді», – деп түйіндеді Украина басшысы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий