Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алу: жеткілікті шек тағы көтерілмек

26.03.2026 17:54 Әсел Мұрат
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алу: жеткілікті шек тағы көтерілмек
302
Фото: Максим Золотухин

Елімізде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Жеткіліктілік шегі неліктен көтерілмек?

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, соңғы бес жылда қазақстандықтар зейнетақы жинақтарынан бес трлн теңгеге жуық қаражат шешіп алған. Бұл ретте қаражаттың едәуір бөлігі 20 мен 35 жас аралығындағы жастардың үлесіне тиесілі.

Министрлік зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шектерін арттыруды қажет деп санайды.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда 9,7 миллионға жуық жұмыс күші бар, оның ішінде шамамен 2,9 миллион адам зейнетақы жарналарын аудармайды.

«Оларда жинақ жоқ, болашақта олар тек ең төменгі базалық зейнетақы алады - 35-тен 80 мың теңгеге дейін. Мұндай ақшаға күн көру қиын», - деді ол.

Жеткілікті шек қалай өзгеруі мүмкін?

Министрлік тиісті заң жобасын әзірлеген. Қазіргі уақытта ол Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігімен келісіліп жатыр. Айтуынша, бұл мәселе жақын арада қаралуы мүмкін.

«Бұл күзге дейін созылмайды. Сәуірде ең төменгі жеткілікті шекті ұлғайтуды қарастырамыз деп ойлаймын», - деді министр.

Ертаевтың айтуынша, барлық азамат үшін ортақ формула қарастырылып жатыр.

«Мәселен, егер былтыр менің шотымда 2 млн теңге болса, биыл ең төменгі жеткілікті шек осы сомаға шамамен 10 пайызды - яғни 8 пайыз бен тағы 2 пайызды қосқандағы мөлшерді құрайды. Одан асатын бөлігін шешіп алуға болады», - деп түсіндірді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий