"Жағдайы ауыр". Бұрынғы президентке қатерлі ісік жасушаларын алып тастау үшін операция жасалды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден жақында терідегі қатерлі ісік жасушаларын алып тастау мақсатында кезекті операциядан өтті. Бұл туралы NBC телеарнасы экс-президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап хабарлады.
82 жастағы саясаткердің жағдайы жақсы, және ол операциядан кейін қалыпты түрде оңалып жатыр. Шара Мос әдісі бойынша жүргізілген — бұл тері обырының кең таралған түрлерін емдеуде жиі қолданылатын хирургиялық тәсіл. Аталған процедура кезінде қатерлі жасушалар толық жойылғанға дейін тері қабаттары біртіндеп алынып тасталады.
Баспасөз хатшысы операцияның нақты қашан жасалғанын нақтыламады.
2025 жылдың мамыр айында Джо Байденге қуықасты безінің сүйекке таралған агрессивті қатерлі ісігі диагнозы қойылған болатын. Экс-президент кеңсесінің мәліметінше, ол зәр шығару кезінде туындаған белгілерге байланысты дәрігерге жүгінгеннен кейін, қуықасты безінде «кішкентай түйін» анықталған.
Бұған дейін, 2023 жылдың наурыз айында Байден терісіндегі қатерлі ісікті алып тастау мақсатында тағы бір операцияға түскен еді.
Соңғы жаңалықтар





