«Жалақы да ала алады»: Перизат Қайрат колонияда немен айналысады?

Сотталған Перизат Қайрат алдағы уақытта тергеу изоляторынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жеткізіледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы ішкі істер вице-министрі – ҚАЖК төрағасы Абай Қайырбеков мәлімдеді. Ол Перизат Қайраттың түрмеде қандай жұмыс істей алатынын айтты.
Айтуынша, Перизат Қайрат колонияға жеткізілгеннен кейін белгіленген карантиннен өтеді. Осыдан соң мамандар оның еңбекке қабілеттілігін анықтап, сәйкес жұмыс түрін таңдайды.
Қайырбеков атап өткендей, сотталушы түрлі жұмыстарға – соның ішінде тігін цехында немесе мекеменің шаруашылық бөлігінде еңбек етуге тартылуы мүмкін.
«Ең төменгі жалақыны олар кез келген жағдайда алады», – деді ол.
Айта кетейік, шілде айында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкім шықты. Қызы 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды.
Соңғы жаңалықтар





