"Жалақымның бәрін балаларға беремін": Михаил Шайдоров уәдесін орындады
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыдағы жас спортшылармен кездесіп, оларға спорттық жабдықтар алуға арналған сертификаттар табыстады, деп хабарлайды Politico.kz.
Айта кетейік, бұған дейін Туризм және спорт министрлігі Михаил Шайдоровпен келісімшартқа қол қойылғанын жариялаған болатын. Алайда спортшы бұл жаңалыққа қатысты пікір білдірмеген еді.
Үш күннен кейін Олимпиада чемпионы әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласының №3 спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесуден видео жариялады.
«Бүгін Алматы қаласының №3 спорт мектебінде мәнерлеп сырғанаумен айналысатын балалармен кездесіп, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай спорттық құрал-жабдықтарға сертификаттар табыстадым. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға рахмет! Балаларға жақсы көңіл күй мен өздеріне деген сенім сыйлай алғаныма қуаныштымын. Болашақта да біздің тамаша спорт түріміздегі балаларды қолдауға тырысамын», – деп жазды Михаил Шайдоров.
Соңғы жаңалықтар