«Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан»: Блогер Олжасхан анасының ұзатуын елге үлгі етті

09.12.2025 15:57 Айсұлу Мұрат
«Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан»: Блогер Олжасхан анасының ұзатуын елге үлгі етті
0
42
Фото: видеодан скриншот

Танымал блогер Олжасхан анасының ұзату тойын дүркіретіп өткізіп, елдің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Сән-салтанаты келіскен тойдың бір сәті көпшіліктің жүрегін елжіретті. Анасы көзіне жас алып, балаларына қарап:
«Балаларым, шақырсаңдар әрқашан жандарыңнан табыламын» – деп толқып сөйлегені қонақтардың ғана емес, желідегі көрермендердің де жанын босатты.

Желі қолданушылары бұл қадамды ананы қадірлеудің, жалғыз қалдырмаудың нақты үлгісі деп бағалады. Көпшілік блогердің әрекетін бірден қолдап, жылы пікірлерін қарша боратты.

«Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан», «Әлі жас, бақытты болуға лайық», «Ұлдары өз отбасын құрды, енді анасының да бақытты болуға хақысы бар», «Анасын ұзатып, елге өнеге көрсетті», «Сабырлы, парасатты ұлдың ісі» – деп жазды оқырмандар.

Көпшілік үшін бұл той – жай ғана сән-салтанат емес, ананың өмірін жаңа кезеңге шығарып салу, ал баланың адамдық биігін көрсету болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий