Жамбыл облысында әжесі мен 4 немересі уланып қала жаздады
Жамбыл облысы Байзақ ауданында екі қабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде өрт сөндірушілер төрт немересі мен олардың әжесін аман алып шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бүгін таңертең Байзақ ауданында екі қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Жалын тек 10 шаршы метр аумақты шарпығанымен, қатты түтіннен тұрғындардың газдан улану қаупі туындады.
«Тексеру жұмыстары кезінде өрт сөндірушілер әжей мен оның төрт немересін анықтап, оларды терезе арқылы сыртқа алып шықты», – делінген ресми хабарламада.
Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
23:25
200 мың теңге үшін адам өлтірді: Қылмыс туралы ...
04.11.2026
22:23
Петропавлда колледж студенттері жаппай инфекция...
04.11.2026
21:15
«СК-Фармация» басшысы Денсаулық сақтау вице-мин...
04.11.2026
20:12
Астана әкімдігі алдында шу шықты: Жекеменшік ор...
04.11.2026
19:17
Екі оқушы да зорлық көрген: Павлодардағы мектеп...
04.11.2026
18:13
«Барни» үшін болған жанжал: 19 жастағы Мадинаны...