Жамбыл облысында оқ жарақатын алған жасөспірім көз жұмды

Жамбыл облысында оқ жарақатын алған жасөспірім көз жұмды
17.10.2025 15:51
0
326

Оқиға Мойынқұм ауданына қарасты Күшаман ауылында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2012 жылы туған сыныптас екі бала түнгі аңшылыққа шыққан, , деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жасөспірімдер қоян аулаған. Балалардың бірі қоянды атып, артынан іздеп кеткен. Бірақ жараланған қоян қашып кетпек болған. Сол кезде екінші бала оны тоқтатпақ болып, оқ атқан, алайда абайсызда досын атып жіберген.

Жамбыл облысы полиция департаменті абайсызда адам өліміне алып келген оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Қазіргі таңда оқиғаны толық, жан-жақты әрі объективті тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ата-аналары бала тәрбиелеу мен бақылау міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Балалар атыс қаруына қол жеткізіп, түнгі уақытта қараусыз жүрген. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді», – делінген полиция жауабында.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий