Жамбылда департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді

28.01.2026 16:42 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Жамбылда департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді
64
istock

Жамбыл облысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты комитеттің медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Politico.kz

Дереккөздердің мәліметінше, аталған департаменттің басшысы Айгүл Балғабаева пара алды деген күдікпен ұсталған.

— Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды дереккөздер.

Ал департаменттің өзінде күдікті тұлғаның қазір ауруханада ем қабылдап жатқанын, яғни еңбекке жарамсыздық парағында екенін айтқан.

Айта кетейік, Айгүл Балғабаева бұл қызметке 2024 жылдың 30 қыркүйегінде тағайындалған. Бұған дейін, өткен жылы департамент басшысының орынбасары Мәдина Шиналиева сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша сотталған болатын.

Қазіргі уақытта ресми органдар бұл жағдайға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий