Жаңа Қазақстан бұрынғы режимге тіс қайрап жүрген жоқ – Бәпи 

Жаңа Қазақстан бұрынғы режимге тіс қайрап жүрген жоқ – Бәпи 
13.10.2025 12:13
0
44

Бұл туралы мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи «Qasqa Jol» арнасына берген сұхбатында айтты.

Ол журналистің «Ескі Қазақстанның қазір билікке амбициясы қбар ма? Әлде райынан қайтты ма?» деген сұрағына жауап берді. 

«Бұл текетірес көзге көрінбейді. Саралап қарасаң да, негізі кеткен билік. Ол қайтып келуге әрдайым ынтызар болады. Өйткені астаудан кетті ғой. Кезіндегі аста-төк байлықтың астауына бас қойғылары келеді ғой. Ол ескі Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемдік жүйеде солай деп ойлаймын. Кеткен билік оппозиция болады. Қазіргі билік пен екі ортада саяси тұрғыда тартыс болады. Оны өркениетті классикалық тұрғыдағы тартыс деп бағалау керек. Ал біздің жағдайымызда –  ескі Қазақстан», - деді Бәпи сұхбатында.

Айтуынша, жаңа билік тұрғысынан «ескі режимге» деген ерегіс бар.

«Өзім байқап жүргенім өш алу, қайтып келіп, өзінің билігін орнатқысы келу сияқты зығырданы бар болып көрінеді. Көзге көрінбес асыратын тартыс әлі де бар. Бұрынғы режимде сондай бір ерегіс бар. Тоқаев мырзаның «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «Уходя – уходи» деп айтқаны бар ғой. Ол Назарбаевқа байланысты айтылды. Енді қазақшалап айтқанда «Кеткен екенсің, жөніңмен кетсеңші» деген тұрғыдағы әңгіме ғой. Сөздің нышаны осылай. Жаңа Қазақстан өткен режимге, бұрынғы режимге сондай бір тіс қайрап жүр деп айта алмаймын. Ал керісінше ескі Қазақстан», - деді Бәпи.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий