2025 Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен тілектер

2025 Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен тілектер
12.12.2024 09:10
0
92154
ru.freepik.com
Жаңа жылға арналған қазақша тілектер топтамасы

Жаңа жылдың келуіне де аз күн қалды. Осы орайда, мерекелік корпоративтік кештерде, достарыңыз және жақындарыңызбен отырыста жаңа жылға арнап, құттықтау сөз сөйлеуге тура келеді. Назарларыңызға мерекелік кешке арналған өлең құттықтауларды ұсынамыз.

 

Құттықтаулар

Құшағында тәтті үміттің Өтсін алтын күндерің, Жаңа жылда жақсылықтың, Шамшырағын үрлегін!
 

Өзің де бір ардақты жан екенсің, Армандарың алып шыңға көтерсін! Дақ түспесін жүрегіңе ақ қардай, Жаңа жылың жаңа бақыт әкелсін!
 

Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, Құт-береке әкелсін баршаңызға. Аңсаған арманыңыз орындалып, Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.
 

Тамырын тереңге жайған бәйтеректей бәрімізге сая бола білген ата-анамызды жаңа жылмен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілейміз.Шырайлы шапағат мен шуаққа кенеліп, арамызда аман-сау жүре беріңіздер!
 

Ардақ тұтқан жайсаң жанның бірі едің, Біреуге сыр, ал біреуге жыр едің, Шынарына өрле биік бақыттың, Осы менің саған айтар тілегім!
 

Аман болсын отбасың, Жамандықтан сақтасын. Жаңа жылдың түнінде, Бақыт ашсын қақпасын! 
 

Отбасымыздың ең кішкентай мүшесі- бүлдіршінім, сенің де жаңа жылың құтты болсын! Аппақ қардай көңілі пәк балапаныма келер жыл тек жақсылықтарын сыйласын. Жайнаған жүзінен күлкі кетпей, балдай тәтті қылықтарына қанбай жүре берейік!
 

Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!
 

Жаңажылдық дастархан қандай тәтті болса, сен барда менің өмірім сондай тәтті. Нұрлы жүзіңнен тек қана күлкі көріп, қуанышымды өзіңмен бөлісе жүрейін. Бақытты бол, құрбым!
 

Аяулы дос! Санаулы сағаттардан соң кіретін жаңа жыл саған бар жақсылығын төксін! Жаңа жылда жаңа табыс, денсаулық, сәттіліктер тілеймін! Жылдан- жылға аманшылықпен, зор қуанышпен жете бер!
 

Тіреуім досым! Қуанышым мен қайғымның куәсі, өмірімнің бөлшегі болған аяулы жан. Жаңа жылда сені құттықтап, қуантуға асығудың өзі қандай бақыт! Жыл бойы кірпігіңді мұң шалмасын, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер!

 

 

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий