«Жарылғыш зат бар»: Атырау әуежайында жолаушылар эвакуацияланды

09.02.2026 14:22 Әсел Мұрат
«Жарылғыш зат бар»: Атырау әуежайында жолаушылар эвакуацияланды
220
Фото: ашық дереккөз

Әуежайдағы жолаушының жауапсыз әзіл-қалжыңы әуежай жұмысының уақытша тоқтауына себеп болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға «Атырау-Алматы» бағытына тіркелу кезінде болған.

Әлеуметтік желілерде жолаушыларды эвакуациялау сәті түсірілген видео тарады. Кейін бұл ақпаратты көліктегі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түрде растады.

Мәліметке сәйкес, ер адам тіркелу кезінде қол жүгінде жарылғыш зат бар екенін айтып, көрінеу жалған ақпарат таратқан. Арнайы қызметтердің тексеруі барысында бұл дерек расталмаған.

Аталған факті бойынша көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 273-бабы – «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Әуежай жұмысы тексеру аяқталғаннан кейін қалыпты режимде қайта жалғасты.

Мамандар мұндай «әзілдің» ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, азаматтарды қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий