"Жастарға беру керек еді": Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды

Танымал айтыскер ақындар Айбек Қалиев пен Сара Тоқтамысова су жаңа пәтерге ие болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Өнер иелері "Алтын домбыра" айтыскер ақындар байқауына қатысқан еді.
“Шынымды айтсам, осы айтысқа қатысамын ба, қатыспаймын ба деп екіойлы болдым.
Айтыс – ең ауыр өнер. Бүгінгі ішкі күйім өзіме ғана мәлім. Әйелдің жаны нәзік келеді. Мынандай өнерде тіс қаққан азулы ер азаматтармен сөз сынасу оңай дүние емес.
25 жыл айтыс сахнасында жүрмін ғой. Ешуақытта өз тарапымнан қазылардың бағасын сынаған емеспін. Маңдайыма жазылған несібені алып ,шүкірлігімді жасап жүрген жанның бірімін. Бүгінгі байқау тіпті ерекше өтті. Махат ағам Астананың төрінен пәтердің кілтін берді. Сыйлаған пәтері – мен үшін тек қабырғасы бар үй емес, жолымның дұрыстығына берілген батасы іспетті. Ол баспана – өнердің, еңбектің, адалдықтың киесімен өрілген ордадай”, – деп жазды Сара.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қолдаса, екіншісі өнер өкілдерінің пәтерге мұқтаж емес екенін айтты.
“Құтты болсын, іші жанға толсын”, “25 жылдан бері пәтер мен көлікті мініп жатыр, осы жолы жастарға беру керек еді”, “Жеті жыл бойы айтыспай, енді оралып жатыр”, “Жас ақындарды бөлгендей болды”, “Айтыс ақындарының жағдайы керемет еді”, – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, биылғы “Алтын домбыра” Айбек Қалиевке бұйырды.
Соңғы жаңалықтар





