Желтоқсан оқиғасы құрбандарының рухына бағышталып, ас беріледі
Алматыда Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Мақсат – жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, ұлттық тарих пен елдің ерлікке толы маңызды кезеңдеріне деген құрметті қалыптастыру», – делінген әкімдік хабарламасында.
16-17 желтоқсанда Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне және «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне дәстүрлі гүл қою рәсімі ұйымдастырылады. Оған қала басшылығы, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, 1986 жылғы оқиғаға қатысушылар, этномәдени бірлестіктер өкілдері және жастар қатысады.
17 желтоқсанда қаланың барлық сегіз ауданында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қаза болғандарды еске алуға арналған ас беріледі.
Бұдан бөлек, қала әкімдігі желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін дәріптеуге және жастар арасында отансүйгіштік сезімін нығайтуға бағытталған төрт мемлекеттік әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жатыр.
Соңғы жаңалықтар