ЖЕР, ТІЛ, ҰЛТ мәселесі — ақшамен бағаланбайды!
313
2016-2018 жылдары Жер комиссиясы мүшесі ретінде өз жүрген-тұрғаныма, біреуден бір тиын алған емеспін!
Жазылған жазбаларыма, көтерген мәселелеріме ешкімнен қаражат алмағанмын деп Елдің алдында ашық айта аламын!
Ал егер менің атымды пайдаланып Мұхтар Тайжан Үкіметтен ақша алған болса, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп-тексеруді сұраймын!
Бұл мәселені неге бүгін көтеріп отырғанымды сұрасаңыздар, айтайын!
Себебі екі күн бұрын Мұхтар ағам өз сұхбаттарында “лоббилік қызметі” үшін ақша алып отырғанын айтты.
Жер мәселесін көтеріп жүрген барлық комиссия мүшелері сондай деп ойламас үшін, Халық алдында жүзімді ашып алғанды жөн көріп отырмын!
“Елдің алдында жүрген белсенділер “заказға” жазады”, “заказ” орындайды”, “біреудің мүдессін ақша үшін мадақтап-мақтайды” деген алып-қашпа әңгімелер осындай кісілердің арқасында шығатынына көзім жетті…
“Мал аласы — сыртында, Адам аласы — ішінде”демекші, бұл ағаларымыздың “Жер мәселесі”, кезінде жеке өз пайдасын ойлап жүргені — расында, жүректі ауыртты!
Жалпы Мұхтар ағамның “бетпердесі” Бадамда Қытай зауыты салынайын деп жатыр деп көмек сұраған кезімде шешілген. Содан кейін-ақ, өзімді ол кісіден алыс ұстауды жөн санағанмын.
Жалпы кәсіпкер, иә өз қызметіне ақы алу керек, бірақ Ұлттық мүде ақшаға сатылмау керек!
Осыны кез келген Ел алдында “атойлап” жүрген белсенділер біліп жүріңдер!
Жер, Тіл, Ұлт мәселесін өз пайдасына пайдаланып, ақша жасап жүрген АДАМ — мен үшін Елін сататын САТҚЫН!
Айгүл Орынбек Facebook парақшасынан
Соңғы жаңалықтар
29.07.2026
18:30
Қытайға тұрмысқа шыққан қызын тойда әкесі атып ...
29.07.2026
18:15
Алматыда интимдік онлайн-трансляция жүргізген с...
29.07.2026
18:08
«Бұл — менің қатем!». Бота Миа қырғызстандық ба...
29.07.2026
17:52
Қорғаныс министрлігі қаза тапқан сарбаздың отба...
29.07.2026
17:25
«Ресейге елші болып барғанда, тізерлеп отырады ...
29.07.2026
17:17
Декреттегі әйелін бақпаған еркек соттан бір-ақ ...