“Жеті апаны да білу керек”: Шежіреге әйелдердің де есімін жазуы мүмкін

“Жеті апаны да білу керек”: Шежіреге әйелдердің де есімін жазуы мүмкін
21.10.2025 14:25
0
124
әлеуметтік желі

Уикипедияның Қазақстандағы авторы Қайыр Рыспаев “жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек” деп, шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс жасады. Айтуынша, бұл әйелдердің тең құқығын қорғайды, деп хабарлайды POLITICO.KZ 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қайыр Рыспаевтың сөзінше, шежіреге ер адамдардың ғана есімін енгізу әйелдердің құқығын шектеу. Сондықтан гендерлік тепе-теңдікті сақтап, қыздар мен олардан тараған ұрпақты тізімге қосу керек . Алайда шежірешілер бұған түбегейлі қарсы. 

“Шежіре деген бұл тарих. Яғни кез келген адам өз атын бір кітаптан таба алады. Біз ерлердің тарихта қалу құқығын сақтап тұрып, әйелдерге ондай мүмкіндік бермей отырмыз. Ал қазіргі заманда теңдік. Оларды да шежіреге қосып отыру керек. Бізде әйел адамның өмір сүру ұзақтығы ерлерден 7-8 жылға көп”, – деді ол. 

Қазақтың шежіресінде тізімге тек әулеттегі ер адамдар кіреді. Бүгінде кей сарапшылар жазылмаған дала заңын заманға сай толықтыруды ұсынып отыр. Олардың пікірінше, жеті атамен қоса жеті апа ұғымын да енгізу қажет. Осылайша ұлт тәрбиесіндегі әйелдің орнын, гендерлік теңдікті сақтаймыз. 

Ал шежіреші Нұрбатыр Болатбеков бұл пікірмен келіспейді. Керісінше, шежіреге қыз балаларды енгізу қанның бұзылуына әкеліп соғады. Нәтижесінде түрлі генетикалық аурулар пайда болады. 

“Біздің ата-бабамыздан келе жатқан дүниені бұзуға болмайды. Егерде біз мұның бір жерін бұзатын болсақ, қанның тазалығы кетеді. Өйткені қанның тазалығы ол халықтың тазалығы. Қазақ халқында әр түрлі аурулар аз. Былай таза өз руын елін-жұртын, жеті атасын білген халықтан ондай ауру шықпайды.

Жаңа ұсынысқа азаматтардың да пікірі сан түрлі. 

“Негізі әулетте жалғыз болса,оның шежіреде болуы маңызды сияқты”, “Қыз балаларды шежіреге кіргізуге мен қарсымын. Себебі ұрпақ әрқайсы некеден болғасын бәрі араласып кетеді”, – деді жұртшылық. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий