Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты: Бес адам қаза тапты
Алматы – Өскемен тас жолында сұмдық апат
Жетісу облысында екі жеңіл көліктің қатысуымен болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам көз жұмып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға 26 маусым күні кешкі уақытта Алматы – Өскемен тас жолының 432-шақырымында болған. Полицияның мәліметінше, екі автокөлік соқтығысқан.
Қатты соққы салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Ал түрлі дене жарақатын алған тағы екі жолаушы шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...