Жігер Ауыпбаев сүйіктісі туралы бар шындықты айтты

29.04.2026 16:10 Мөлдір Қайнар
Жігер Ауыпбаев сүйіктісі туралы бар шындықты айтты
78
Фото: әлеуметтік желі

Эстрада жұлдызы Жігер Ауыпбаев сүйіктісі туралы айтты, деп хабарлайды Politico.kz caravan.kz сайтына сілтеп.

Ол «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында өзі әлеуметтік желіде жиі көрсетіп жүрген «кішкентай қызбен» кездесіп жүргенін айтты.

«Ол қыздың аты Умина. Әлеуметтік желілерде ашық салып жатырмыз. Бәрі «мектеп бітірген қыз ба, сабағын оқымай не істеп жүр» деп жазып жатыр. Ол екеуміз әлі толыққанды сұхбат берген жоқпыз. Халық бір жақты ғана пікір жазып жатыр. Мен де басы істемейтін адам емеспін. Ол 2003 жылғы қыз, қазір 23 жаста. Сол қызбен танысып, сөйлесіп, білісіп бастағалы біраз уақыт өтті. Ата-анасымен де таныстым. Қазір қыз жігіт, махаббат болып жүрміз. Менің жаныма кімді қойса да кішкентай. Менің бойым 1.95, жаныма кімді қойса да кішкентай болып қалады. Ол қыздың бойы 1.65. Өзімнен бойы ұзын адамды 1-2-ақ рет көрдім. Бойына қарайтын болсам, өмір бақи бойдақ болып өтеді екенмін. Ойына, тәрбиесіне қарап сөйлесіп жүрміз. «Кішкентай қыз» деген әнді сол қызға арнап шығардым. Сәндібек Ботабаев деген композитор, ақын ініміз Ақтауға гастрольге барған кезде шығарып берген», — дейді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий