Жомарт кенішінде қауіпсіздік күшейтіліп, шахтаның 600 метр тереңдігіне таза ауа беріледі

29.05.2026 09:50 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Жомарт кенішінде қауіпсіздік күшейтіліп, шахтаның 600 метр тереңдігіне таза ауа беріледі
105
Фото: Қазақмыс

«Қазақмыс» корпорациясы биылғы жылды қауіпсіздік жылы деп жариялап, Жомарт кенішіндегі тау-кен жұмыстарын бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Корпорация басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бакиров кеніш шахтасына арнайы түсіп, жұмыс барысын тексерді. Басшылық кенжарлардағы қауіпсіздік шаралары мен шахтаның желдету жүйесін, сондай-ақ газталдағыштардың жұмысын бақылап, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда кеніште желдету ұңғымасын бұрғылау толық аяқталып, жер бетіне арнайы қондырғылар орнатылған. Компания мәліметінше, алдағы уақытта шахтаның 600 метр тереңдігіне дейін таза ауа жеткізу жоспарланып отыр және аумақта қосымша ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек жұмыс сапары барысында геомеханика мамандары кен өндірудегі күрделі мәселелерді шешу жолдарын талқылап, болашақта шахтадағы жаңа қорларды ашу жоспарын саралады.

Войдите, чтобы оставить комментарий