Жұлдыз Әбдукәрімова балаларының қоғамдық көлікпен жүретінін айтты

Жұлдыз Әбдукәрімова балаларының қоғамдық көлікпен жүретінін айтты
08.05.2025 18:48
0
71

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram парақшасында оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, балаларының қалай қатынайтынын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Актрисадан балаларының мектепке өзімен бірге бара ма, әлде қоғамдық көлікпен жүреді ме деген сұрақ қойылды. Жұлдыз мұндай жағдай жиі болатынын жасырмады.

Үлкен балалар, мен үлгермей жатқанда, қоғамдық көлікпен жүреді. Әсіресе Сезім, ол еш қиындық тудырмайды, – деді ол.

Жұлдыз балаларымен бірге уақыт өткізуді барынша маңызды санайтынын да жеткізді.

Олар менің қанатымның астында жүргенде, бар уақытымды бөліп, жанынан табыламын. Қолымнан келгенше көңіл бөлуге тырысамын, – деді актриса.

Сондай-ақ ол отбасында қарапайым өмір сүретінін айтып, қиындықтардың кез келген отбасыда болатынын мойындады.

Проблемалар әртүрлі болады. Бірақ мен оларды осы фотодағыдай көңіл-күймен қарсы аламын, – деп әзілмен түйіндеді Жұлдыз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий