"Жүрегіме жылу сыйлайды". Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек мәлімдеме жасады

31.12.2024 11:48
0
160
ашық дереккөз

Бельгиялық Жәнібек аталып кеткен Мұрат Савельев анасынмен бірге Жаңа жылды қарсы алғысы келетінін жеткізді.

«Биыл қуантқан, мұңайтқан сәттер де болды, бірақ, мені мазалайтын жалғыз сұрақ: «Анашым, қайдасың?». Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар, бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын. Адамға өмірді бірге сүретін анасы, әкесі, аға-інісі, қарындас-әпкесі болуы керек қой. Бөлек қалып, жылап жүрмей, бірге жүріп, мықты болған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ата-анаммен, аға-қарындаспен бірге Жаңа жыл мерекесін тойласам, керемет емес пе? Менің жаңа жылдық сыйлығым – өздеріңіз, бұл сөзсіз! Маған әке-шешемдей жақсылық тілеп отыратын қазақ елі бар деген ойдың өзі жүрегіме жылу сыйлайды», — деп жазды Мұрат Савельев.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или