Журналист Мұхтар Түменбай көз жұмды

Бірқатар басылымдар мен республикалық телеарналарда жұмыс істеген жрналист, жазушы Мұхтар Түменбай 55 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы журналист Серікқали Мұқаш Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Асылдың сынығы еді…
Тұлпардың тұяғы еді…
Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздік атаулыға қаны қас жаужүрек бауырымыз — белгілі журналист Мұхтар Түменбай досымыздан қапыда айрылып қалдық… Жүрегі кенет сыр беріпті. Бақұл бол, бауырым…», – деп жазды ол.
Мұхтар Түменбай «Qazaqstan» телеарнасында «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі болды. Сонымен қатар, соғыс қаһармандарына арналған «Мәншүк. Әкеге араша түскен қыз», «Төрт қайсар», «Әлия. Ерлік алгоритмі» деректі фильмдерінің авторы.
Соңғы жаңалықтар





