Жуырда ғана ашылған Алматыдағы Сайран көлінде 1 күнде 2 адам суға батып кетті
563
Алматыдағы Сайран көлінде 1 күнде 2 адам суға батып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кешкі сағат 19:26-да Сайран көлінен 1977 жылы туған ер адамның мәйіті шығарылды.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам шомылуға тыйым салынған жерде мас күйінде шомылып жүріп батып кеткен.
Ал сағат 17:30 шамасында 18 жастағы жігіт суға батып кеткен еді.
Полицияға батыс жағалауда баланың суға батып кеткені туралы хабар түскен. Полиция келіп, Сайран жағалауында оқиға орнын қоршауға алған. Ол жерде кезекші прокурор мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеді.
Төтенше жағдайлар департаменті Сайран көлінде барлық құрылыс, санитарлық жұмыстар толық аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілгенге дейін шомылуға қатаң тыйым салынатынын ескертеді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...