Журналист Жәния Ұранқаеваның Үкімет үйіне кіру мәселесі реттелді
316
Бүгін, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының қолдауымен журналист Жәния Ұранқаеваның Қазақстан Республикасы Үкіметі үйіне кіру мәселесін реттеу бойынша келісімге қол жеткізілді.
Қордың Үкімет аппаратына жолдаған өтініші негізінде Үкіметтің баспасөз қызметі журналисттің ғимаратқа кіру шектеуін 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қайта қарауға келісті. Жәния Ұранқаева өткізу және объектішілік режим туралы ереженің талаптарын, сондай-ақ Үкімет ғимаратындағы БАҚ өкілдерінің қызметін реттейтін өзге де құжаты сақтай отырып, өзінің кәсіби міндеттерін толық көлемде орындауға қайта орала алады. 2024 жылдың тамыз айында күшіне енген «Масс-медиа туралы» Заңның ережелері журналистерді маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарға бару кезінде белгіленген өткізу және объектішілік тәртіп талаптарын сақтауға міндеттейді.
«Әділ сөз» қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратына, әсіресе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметіне олардың ашықтығы, сондай-ақ әділдік пен заңдылық қағидаттарын ұстанғаны үшін шынайы ризашылығын білдіреді. Біз оларға қоғам үшін маңызды ақпаратты жеткізудегі журналист мамандығының маңыздылығын түсініп, мемлекеттік органдардың жұмысында ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етуге жәрдемдескені үшін алғыс айтамыз.
Қол жеткізілген келісім – БАҚ өкілдері мен мемлекеттік орган қызметкерлері арасындағы конструктивті диалогтың жарқын үлгісі және Қазақстан қоғамының мүддесі үшін басқа да мәселелерді
Соңғы жаңалықтар
12.05.2026
17:41
Жетісу облысында полицейді шапалақпен тартып жі...
12.05.2026
17:29
"Қуанып тұрмын": Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір М...
12.05.2026
16:24
"Сахнамен қоштасамын": Роза Рымбаева күтпеген м...
12.05.2026
16:05
Талғарда тағы да трагедия: әкесінің басына дұға...
12.05.2026
15:29
«13 млн теңге айыппұл»: Елімізде қандай бақбақт...
12.05.2026
15:08
Әнші Luina екінші рет ана атанады