Қабатовтың «екінші әйелінің» мәлімдемесі тарады

Әлеуметтік желілерде Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты тағы да бейнеүндеу тарады. Жас әйелдің мәлімдеуінше, ол белгілі азаматпен арадағы келісімді жарияламауға уағдаласқан, алайда қазіргі уақытта Мөлдір ханым тарапынан қысым күшейген соң, үнсіз қалуға дәті бармаған. деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Интернетте тараған бейнежазбада өзін Тұрсынбек есімді азаматпен байланысы бар деп таныстырған әйел үн қатады.
«Фильм шыққанға дейін бәрі арамызда қалсын деп келіскенбіз. Бірақ Мөлдір ханым тарапынан қысым болып жатыр. Оны Тұрсынбек те тоқтата алмай отыр. Менің жұмысым тоқтап қалды. Сондықтан амалсыздан үндеуімді жолдап отырмын», – дейді ол.
Айтуынша, бастапқыда арадағы байланыс құпия күйінде сақталып, тек белгілі бір фильм шыққан соң жарияланады деп келіскен.
Алайда ол күткен нәтиженің болмағанын айтып, жұмысын жалғастыра алмай қалғанын алға тартады.
Бейнеүндеуде нақты фамилиялар аталмаса да, Тұрсынбек пен Мөлдір есімдерінің сәйкес келуі жұрттың белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның жары Мөлдір Мұқанова туралы айтып отыр деген болжам жасауына себеп болды. Қоғамда осыған дейін де Қабатовтың жеке өмірі жайлы екінші әйелі бар деген сыбыс тараған. Алайда ешбірі ресми түрде расталмаған.
Желі қолданушылары бұл жолғы бейнеүндеуді екінші рет қайталанған дау ретінде қабылдап, пікірлерін жарыса жазуда.
«Қоғамдық тұлғалардың жеке өмірі көпшіліктің назарында болады. Сондықтан олардан ашықтық талап ету заңдылық», – деп жазады қолданушылардың бірі.
Соңғы жаңалықтар




