Атырауда ер адам көлігін сырып кеткен зейнеткерді ұрып өлтірді
1205
Атырау облысының полициясы базарындағы адам өліміне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды politico.kz.
Атырау облысындағы базарлардың бірінде «Газель» көлігін мінген Амандық Сағынғалиев есімді зейнеткер Мұхтар Ахмедов деген азаматтың «Мерседес» көлігінің есігін сырып кеткен. Сол жерде жанжал басталып, «Мерседес» иесі «Газель» жүргізушісін бірнеше рет соққының астына алған. Әлеуметтік желіде тараған видео мен ақпаратқа сенсек, «Мерседес» иесі әлі жасы 40-қа толмаған азамат, ал «Газель» иесі (марқұм) жасы 70-ке таяп қалған егде кісі. Видеодан «Газель» жүргізушісі қанша соққы алса да, жауап қайтармағанын байқауға болады. Айта кетейік, жас азаматтың ауыр соққыларынын кейін зейнеттегі кісі есін жия алмай, қайтыс болған. Оқиғадан кейін екі адамның фотосуреті де жарияланды. Желідегі жазбаға сенсек, қайтыс болған адам Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауданының тұрғыны (Атырау обоысы) Амандық Сағынғазиев. Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.Полицияның мәлімдеуінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды. Жәбірленуші алған дене жарақаттарынан ауруханада қаза тапқан. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді полициядағылар.Фото: smartnews.kz
Соңғы жаңалықтар
19.09.2026
17:30
Астанада жеке клиника арқылы 628 млн теңге ұрла...
19.09.2026
16:25
Бұрынғы әйелнің үйіне бірнеше рет барып, жанжал...
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...
19.09.2026
15:15
Тоқаев Астана қаласының әкіміне қатаң тапсырма ...
19.09.2026
14:09
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026
13:26
Теміртаудағы үйде газ жарылды: 67 жастағы тұрғы...