Теміртаудағы үйде газ жарылды: 67 жастағы тұрғынды ауыр күйік шалды

19.09.2026 13:26 Қарақат АСЫЛОВА
Теміртаудағы үйде газ жарылды: 67 жастағы тұрғынды ауыр күйік шалды
312
Фото: Казинформ

Теміртауда жеке үйде газ жарылып, 67 жастағы ер адам зардап шекті, деп хабарлайды Politico.kz.

Үй иесі ауыр күйік алып, жансақтау бөліміне жатқызылды.

Төтенше жағдай 18 қыркүйек күні таңғы сағат 6:00 шамасында болған. Көршілер қатты жарылыс дауысын естіп, құтқарушыларға хабарлаған.

Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің ас бөлмесі толығымен қираған. Үйдің төбесінде үлкен жарықтар пайда болып, терезелер мен есіктер зақымданған.

Оқиға кезінде үйде тек 67 жастағы қожайын болған. Ер адамды жедел жәрдем қызметкерлері термиялық күйікпен Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасына жеткізген. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, газдың өз бетінше іске қосылуы апатқа себеп болуы мүмкін. Дегенмен зардап шеккен адамның туыстары бұл нұсқамен келіспей, оқиғаның нақты себебін анықтау үшін сараптама жүргізуді талап етіп отыр.

Оқиғаға байланысты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір мамандар жарылыстың нақты себебі мен өзге де мән-жайларды анықтап жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий