Қазақстан азаматтығын алған ресейлік спортшы әнұран жаттап жатқанын айтты

03.07.2024
13:48
0
133
Жаңа маусымнан бастап Қазақстан атынан өнер көрсететін ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қазақстан әнұранын жаттап жатқанын айтты,-деп хабарлайды politico.kz
17 жастағы Самоделкина мамырда Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан Қазақстан атынан өнер көрсетуге рұқсат алған еді."Қазақстан әнұранының сөздерін жаттауды бастадым. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеу қолымнан келетініне сенімді емеспін, бірақ барынша тырысамын", - деді спортшы. Tengri Sport сайтының жазуынша, Софья мәнерлеп сырғанаудан жазғы Қазақстан чемпионатына қатысады. Бұл оның Қазақстан азаматтығын алғаннан кейінгі алғашқы жарысы болмақ. Турнир 15-18 шілдеде Қарағандыда өтеді. Самоделкина Астананың атынан өнер көрсетеді. Софья Самоделкина жасөспірімдер арасындағы Ресей кубогының финалында (2020) және Денис Тен мемориалында жеңіске жеткен (2021). Сонымен бірге ол Словениядағы жасөспірімдер арасындағы әлемдік Гран-придің күміс жүлдегері.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

14.07.2025
20:29
Сара Тоқтамысова неге өнер көрсетпейтінін айтты

14.07.2025
19:20
Мөлдір Мұқанова: Қайрат Нұртастың қызы – менің ...

14.07.2025
17:22
Нұрлан Еспанов келінінен ұялып жүргенін айтты

14.07.2025
16:58
«Кешірші жан»: Ерке Есмахан күйеуінің ел білмей...

14.07.2025
16:55
«Көзге шөп салады»: Танымал әзілкеш үш баламен ...

14.07.2025
16:09
Балалар үйінен шыққан әйел 2 ұлын киім үшін сат...