Қазақстанда жүн мен былғарыдан жасалған ойыншықтарды сатуға тыйым салынбақ
0
268
Биыл елдегі ойыншықтардың қауіпсіздігін реттейтін регламент өзгереді.
Елімізде табиғи жүн мен былғарыдан ойыншық жасап, сатуға тыйым салынады. Өйткені бұл бұйымдар “Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы” техникалық регламенттің талаптарына сай келмейді
Биыл елдегі ойыншықтардың қауіпсіздігін реттейтін регламент өзгереді. Онда табиғи жүн мен былғарыдан, резеңке, картоннан жасалған балалар тауарын өндіру мен сатуға тыйым салынады. 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға түйіршік қоспалар қосуға болмайды. Бұдан бөлек тамақ өнімдерімен бірге жеткізілетін немесе азық-түлікпен бірге сатылатын тауарларды қаптау міндеттеледі.
“Ойыншықтарды қолдану кезінде оның бөлшектері, бұрыштары баланың өміріне, денсаулығына зиян келтірмеуі керек және төрт жарым киллограмнан артық болмауға тиіс. Негізінен бірнеше өзгеріс бар. Енді олар жарты жылдан кейін күшіне енеді”, – деді техникалық реттеу бойынша үйлестіру орталығы басшысының орынбасары Ғалым Мұқыжанов.Былтыр Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 25 балалар ойыншығын тексерген. Олардың барлығы талапқа сай болмай шығыпты. Онымен қоса қате таңбаланыпты. Сондай-ақ құрамында химиялық заттар да жетерлік. Бұл бала жүйкесіне кері әсер етіп, созылмалы ауруларға әкеп соқтырады дейді мамандар.
“Ең көп сәйкес келмейтін ойыншықтар Қытайдан келген. Бұзушылықтардың негізгі саны 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға тиесілі. Оның ішінде тақырыптық, жұмсақ, бейнелі, механикалық ойыншықтар”, – деді Алматы қалалық СЭБД техникалық регламент талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Абылайхан Үмбетәлиев.Мамандар ойыншықтарды арнайы мамандандырылған дүкендерден сатып алған жөн дейді. Себебі онда сапалы өнімді сатып алу мүмкіндігі жоғары.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
14.12.2025
14:10
Индира Елемес 67 миллион теңгелік дау туралы ал...
14.12.2025
12:48
"Мен жайында ән": Димаш Құдайберген соңғы конце...
14.12.2025
10:44
"Бір сәттегі адасу": Бақыт Тұрман күйеуінің "то...
14.12.2025
09:25
Алдымен аға, кейін күйеу: Тоқтар Серіков пен Бе...
13.12.2025
17:59
"Ішек-қарны ақтарылып жатыр": Қайрат Әділгерейд...
13.12.2025
16:46
Ер адам қызғаныштан сүйіктісі мен екі еркек оты...