«Қазақ тілін қызымнан үйреніп жүрмін»: танымал түрік әншісі Қазақстанға қоныс аударды

0
97

Түрік продюсері, әнші Мұрат Япрак 9 айдан бері Қазақстанда тұрады. Белгілі бір жобаға байланысты шетел асқан ол қазақ тілін қызынан үйреніп жүр. Бұл туралы Мұрат Япрак «Қызық Times» бағдарламасына берген сұқбатында айтты,-деп хабарлайды politico.kz

Мұрат Япрактың сөзінше, қазақтардың салт-дәстүрі түріктермен ұқсас, ал нағыз әдет-ғұрыптың бейнесін тойдан байқауға болады. Ал продюсердің қызы Қазақстанға қалғысы келеді. Ол қазақ тілінде жақсы сөйлейді.

«Түркиядан біраз шаршап, Қазақстанға келдім. Мұнда өзімдік үйдегідей сезінемін. Кішкентай қызымнан «Қызым, қайда барамыз? Түркияға барамыз ба, Қазақстанда қала береміз бе?» десем, «Қазақстанда қала берейікші» дейді. Қызым осында мектепке барады, қазақ тілін қызымнан үйреніп жүрмін», – деді ол. Мұрат Япрак қазір қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасып жатқанын айтады. Ол Түркия халқы қазақтарды бауырындай көреді деген ойда. «Мұнда көп әншімен таныстым. Ал Түркияда Adam мен Sadraddin қатты танымал. Өзім де желідегі видеоларға Sadraddin әндерін қоямын, оның тыңдарманымын. «Айға қарап» әнін сүйіп тыңдаймын. Ал Қазақстанға мені танытқан «Yeminler» әні. Бұл әнді Нұрсұлтан Нұрбердиев қазақ тілінде орындады. Содан маған ұсыныс көп түсе бастады. Осы кезде әйеліме Қазақстанға бару туралы ұсыныс айтқанмын. Бастапқыда келіспеді, бірақ осында келген соң қалу туралы шешім қабылдады. Енді осында қаламыз деп ойлаймын», – деді ол.


ПІКІР ЖАЗУ