Қазақтың ұлттық киімі Лондон жұртшылығын тәнті етті

16.05.2024
07:25
0
417
Лондонда 17 мемлекет өкілінің салт-дәстүрлері мен мәдениеті паш етілген шара болып өтті. Шетелдік көрермен назарына қазақтың ұлттық киімдері де ұсынылды. Көрсетілімге Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің және «Қазфэшн Париж» француз қауымдастығының қолдауымен ақтөбелік дизайнер де қатысты
Сабина Наурызалина 15 жылға жуық уақыттан бері ұлттық киім тігумен айналысады. Өз өнімдерін 2 чемоданға салып, Ақтөбеден Лондонға жалғыз келген.
Әшекей бұйымдары мен сәнді сөмкелерін қоса есептегенде қолмен кестелеп тігілген әр көйлегінің салмағы әжептәуір.
Қалыңдық сәукелесінің өзі 6 килограмм тартады. Шетелдік көрерменге ұсынған топтамасы «Наурыз» деп аталады.
Ұлттық киімдерден бөлек күнделікті өмірде киюге арналған сәнді көйлектері де бар.
«Батысқазақстандық ұлттық киімдердің басты ерекшелігі, әлбетте, оюларында. Гүл формасындағы суреттер көптеп кездеседі. Қанық қою түстер де ерекше әр беріп тұр. Әр костюмге сәйкесінше әшекей бұйымдарды да таңдадық. Қыз баланың ажарын аша түсетін сырға, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын шашбауы да бар», — дейді дизайнер Сабина Наурызалина.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

14.07.2025
20:29
Сара Тоқтамысова неге өнер көрсетпейтінін айтты

14.07.2025
19:20
Мөлдір Мұқанова: Қайрат Нұртастың қызы – менің ...

14.07.2025
17:22
Нұрлан Еспанов келінінен ұялып жүргенін айтты

14.07.2025
16:58
«Кешірші жан»: Ерке Есмахан күйеуінің ел білмей...

14.07.2025
16:55
«Көзге шөп салады»: Танымал әзілкеш үш баламен ...

14.07.2025
16:09
Балалар үйінен шыққан әйел 2 ұлын киім үшін сат...