Байден алдағы президент сайлауына түсуден бас тартты
719
АҚШ президенті Джо Байден жақтастарының үндеуіне құлақ асып, сайлауға төрт ай қалғанда әлемнің жетекші әскери және экономикалық қуатт елін басқару құқығы үшін Дональд Трамппен күресуден бас тартты. Бұл туралы Politico.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Байден Америка халқына президент ретінде қызмет етуді мақтан тұтатынын және сайлауға түсуге ниетті екенін, бірақ өз партиясы мен елінің мүддесі үшін сайлау науқанынан шегініп, қазіргі мерзімінің соңына дейін өзінің міндеттеріне назар аударуы керек деп мәлімдеме жасады.
X әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемеде Байден вице-президент Камала Харриске жұмысы үшін ерекше алғыс айтып, оны ерекше серіктес деп атады.
Камала Харрис енді алдағы сайлауда Демократиялық партияның ең ықтимал кандидаты болады.
Келесі аптада Байден өз шешімі мен одан арғы қадамдары туралы толығырақ айтатын болады.
Өткен айда 81 жастағы Байден Трамппен пікірталаста сәтсіздікке ұшырап, Владимир Зеленскийді көпшілік алдында «Украина президенті Путин» деп атаған болатын.
Байденнің шешімі оның ерекше саяси карьерасына нүкте қойды: Барак Обама кезіндегі 8 жыл вице-президент, 2020 жылы қазіргі президент Трампты жеңу және экономикалық өсумен, Американың халықаралық саясаттың орталығына оралуымен және Украинаны қолдауымен ерекшеленетін президенттік мерзім.
Фото: Reuters
Соңғы жаңалықтар
26.09.2026
17:15
Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін...
26.09.2026
16:36
“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге ...
26.09.2026
15:36
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағ...
26.09.2026
14:28
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші ...
26.09.2026
13:15
Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әле...
26.09.2026
12:09
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып т...