"Байып алып, секеңдеп жүр": актриса Нұргүл Мыңғатова сынағандарға жауап берді

12.07.2024
19:46
0
1140
Отандық танымал актриса Нұргүл Мыңғатова желіде өзін "құтырып кетті" деп сынға алғандарға жауап берді. Өнер иесі халықтан өзін қалай бар, солай қабылдауын сұрады, деп хабарлайды politico.kz.
Нұргүл Мыңғатова өмірде жасандылық атаулысын жек көретінін жасырмады. Сол себепті актриса өзін барынша шынайы ұстауға тырысатынын айтты. "Мен өзімді шынайы етіп көрсетемін! Қалай бар солай! Тойға барсам билеп, көңіл көтеріп қайтамын. Өзімнің тойым болса тіптен бидің түбін түсіремін. Желіде бөлек, өмірде бөлек көрінбеймін! Мысалы мына суреттер кинодағы образым, өмірде олай жүрмеймін ғой. Бұл тек менің жұмысым! Демек өмірде рөл сомдамаймын. Бір тойда абысынтай екеуміз қуып билей қалып едік, Халық небір нәрсе жазды ғой. Балқия құтырған, байып алып, секеңдеп жүр. Жандарым-ау мойнымда несием бар. Менде секіріп билегім келеді ғой. Сонда мен өзіміздің тойда да актриса болып ешкіммен араласпай отыруым керек па? Табиғатым сол, арам ойым жоқ. Жан-жағымды ойламай демаламын! Бірақ өкінішке орай соны қолданып, түсіріп, басқаша салып қоятын жандар өмір бумеранг. Қысқасы сол, қатыгез болмаңыздаршы. Мен сіздерге не жамандық жасап қойдым", - деп жазды Мыңғатова Instagram-дағы парақшасында.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

14.07.2025
20:29
Сара Тоқтамысова неге өнер көрсетпейтінін айтты

14.07.2025
19:20
Мөлдір Мұқанова: Қайрат Нұртастың қызы – менің ...

14.07.2025
17:22
Нұрлан Еспанов келінінен ұялып жүргенін айтты

14.07.2025
16:58
«Кешірші жан»: Ерке Есмахан күйеуінің ел білмей...

14.07.2025
16:55
«Көзге шөп салады»: Танымал әзілкеш үш баламен ...

14.07.2025
16:09
Балалар үйінен шыққан әйел 2 ұлын киім үшін сат...