"Бала табайын десең кеш": Ләйлә Сұлтанқызы 40 жастан кейінгі өмір жайлы сыр шертті
280
Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жаңа жазба жариялап, 40 жастан кейінгі өмірдің қызықтары туралы айтты. БАҚ өкілі бұл жастағы адамдарды алдау өте қиын екенін жеткізді,-деп хабарлайды politico.kz
Ләйлә Сұлтанқызы 40 жастан кейінгі өмірдің артықшылықтары туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Тележүргізуші өз қатарластарының ұтар тұсын атап, оларды мойымауға шақырды."Баяғыда біреу "40+ деген өзі бір қызық жас екен. Ойнап-күлейін десең, жас емес сияқтысың, бала табайын десең кеш, немере бағайын десең әлі ерте сияқты. Не істейміз өзі?" депті. Бірақ байқайсыз ба, бұл жаста сізді оңайшылықпен ешкім алдай алмайды, төркінге емін еркін бара аласыз, "апай өтіңіз, отырыңыз" деп жастар орын береді. Айта берсең ұтар тұсымыз көп. Сол себепті қыздар тек алға! Мойымаймыз", - деп жазды Сұлтанқызы.
Соңғы жаңалықтар
15.03.2026
10:25
Қазақстанда референдум өтіп жатыр: Дауыс берген...
15.03.2026
09:48
«Атыраудың хакері» Түркияда ұсталды: 13,7 млн т...
15.03.2026
08:51
Жаңа Конституция бойынша референдум: Ерлан Кари...
14.03.2026
17:35
Астанада кәмелетке толмағанға қарсы зорлық-зомб...
14.03.2026
16:07
Петропавлда полицейлер көшеде есінен танған зей...
14.03.2026
15:07
Астанадағы тойда Нұрлан Сабуров пен экс-министр...