Балаларын түнде далаға жіберген ата-аналар жауапқа тартылды
371
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биыл оқу жылында еліміздің 110 мектебінде Зияткерлік мектептермен бірлесе отырып, буллингке қарсы Kiva пилоттық бағдарламалары, сондай-ақ 50 мектепте «ДосболLike» бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесі бойынша бағдарламаларды басқа мектептерге енгізу туралы шешім қабылданады. Биыл бала тәрбиесі бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 70 қылмыстық іс қозғалған. Балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін 84 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды. Осыған байланысты 6,5 мың мектепте ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары ашылды. Сынып жетекшілері рөлінің маңыздылығын ескере отырып, мұғалімге сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша ақы мөлшерін арттыру мүмкіндігі пысықталып жатыр. Сонымен қатар құрдастарына теріс әсер ететін 1700 заңсыз «көшбасшы» анықталып, бақылауға алынды. Жалпы, соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға, биыл 5%-ға төмендеді», - делінген үкіметтің хабарламасында.
Еске салайық, биыл кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік заң жүзінде қатаңдатылды. Атап айтқанда, татуласу алынып тасталды, кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін тек өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған, бұрын 20 жылға дейін соттайтын еді. Жыныстық зорлық-зомбылық және суицидті насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл шеңберінде балалар арасында қорқытудың және буллингтің алдын алу жөніндегі шаралар күшейтілді. Қорқыту, буллинг пен кибербуллингтің құрбаны болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі қабылданды.
Фото: Istockphoto
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
10:10
Каспийдегі қайғылы оқиға: қызметіне салғырт қар...
25.09.2026
09:57
«Күзде оқу-жаттығу өткізуге болмайды»: Әскери с...
25.09.2026
09:26
Назарбаев қаза тапқан әскерилердің отбасы мен ж...
25.09.2026
09:09
Тоқаев Путинге ризашылығын білдірді
25.09.2026
08:36
Каспийде мерт болған әскеридің бірі белгілі сам...
25.09.2026
08:15
Каспийдегі трагедия екі бап бойынша тергеліп жатыр